12 шілде күнгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз желдің күші 15-20 м/с артады. Бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында найзағай, бұршақ болжанады. Жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз найзағай күтіледі.
Атырау облысының күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Жамбыл, күндіз Түркістан, Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Ақмола, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Атырау облысында, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.