12 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы; «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру; халықты жұмыспен қамтудың өңірлік карталарын жүзеге асыру мәселелері қаралады.
10.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде Астана қаласындағы еңбек заңнамасының сақталуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы онлайн брифинг өтеді.
Спикер: Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Исмағұлов.
Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы Байханов.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
19.00-де «Астана Опера» театрында Дж. Пуччинидің «Турандот» операсы қойылады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі сахналанады.