Тек республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Атырау облысының түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 17-22 м/с болады, жекеленген аймақтарда найзағай, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде найзағаймен жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел найзағаймен 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман байқалады. Жамбыл, Қызылорда, кей жерлерде Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының күндіз қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.