12 тамыз. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 12 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

45 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Ермұханұлы РАИСОВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Алматы қаласында туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік академиясын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірді, , University of Bath, Brunel University London (Ұлыбритания) оқыды. Мамандығы: мемлекеттік басқару.

Еңбек жолы: 2004-2006 жылдары ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің бақылаушы-ревизоры, 2006-2013 жылдары ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде басшылық лауазымдарда болды. 2020-2021 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің F8 басқармасының басшысы болды.

2023 қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.

39 жыл бұрын (1987)Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Аппаратының басшысы Олжас Олжабайұлы СЫЗДЫҚОВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

2008 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграралық университетін «Агрономия», 2010 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Топырақтану және агрохимия», 2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Есеп және аудит», 2018 жылы «Тұран-Астана» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2008-2009 жылдары С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Топырақтану және агрохимия кафедрасының лаборанты, 2010-2012 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінiң менеджері, сарапшысы, 2012-2018 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қр Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінiң сарапшысы, басқармасының басшысы, 2018-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, 2019-2023 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінiң директоры лауазымын атқарған.

2023 жылғы шiлдеден бастап атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төсбелгісімен марапатталған.