12 тамыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 12 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
45 жыл бұрын (1980) Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Ерлан Маратұлы БҰЛАНБАЕВ дүниеге келді.
«Қайнар» университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Күршім ауданы прокурорының көмекшісінің м. а. бастады, содан кейін әр жылдары аудандар прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, ШҚО, Өскемен, Астана қалалары прокуратуралары басқармаларының аға прокуроры, ШҚО прокуратурасы басқармаларының бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі, Ұлан ауданының прокуроры болып жұмыс істеді. 2021-2024 жылдары ШҚО Өскемен қаласының прокуроры лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.
44 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Ермұханұлы РАИСОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік академиясын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірді, , University of Bath, Brunel University London (Ұлыбритания) оқыды. Мамандығы: мемлекеттік басқару.
Еңбек жолы: 2004-2006 жылдары ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің бақылаушы-ревизоры, 2006-2013 жылдары ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде басшылық лауазымдарда болды. 2020-2021 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің F8 басқармасының басшысы болды.
2023 қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.
42 жыл бұрын (1983) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппарат басшысы Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТ-ҰЛЫ дүниеге келді.
Ақтөбе облысының Хромтау қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, экономист (2007); Қазақ-Орыс халықаралық университетін, заң бакалавры (2012); Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін, мұнай-газ ісі (2016) бітірген.
Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастаған. 2012-2016 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды. 2016-2017 жылдары Махамбет ауданының әкімі, 2017-2018 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі, 2018-2020 жылдары Атырау қаласының әкімі, 2020-2021 жылдары «Жайықмұнай» ЖШС бас директорының орынбасары, 2021-2023 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, 2023-2024 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарған.
2024 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
38 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Аппаратының басшысы Олжас Олжабайұлы СЫЗДЫҚОВ дүниеге келді.
2008 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграралық университетін «Агрономия», 2010 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Топырақтану және агрохимия», 2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Есеп және аудит», 2018 жылы «Тұран-Астана» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2008-2009 жылдары С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Топырақтану және агрохимия кафедрасының лаборанты, 2010-2012 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінiң менеджері, сарапшысы, 2012-2018 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қр Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінiң сарапшысы, басқармасының басшысы, 2018-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, 2019-2023 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінiң директоры лауазымын атқарған.
2023 жылғы шiлдеден бастап атқарып келеді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төсбелгісімен марапатталған.
34 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Бекболат Серікұлы МОЛДАБЕКОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. 2013 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2014 жылы ҚР «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ-ның жобалық кеңсенің талдаушысы, 2014-2015 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу және ақпараттық жаңа модельді дамыту басқармасы бас сарапшысының м. а., 2015 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінің нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу және ақпараттық жаңа модельді дамыту басқармасы бас сарапшысының м. а., 2015-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу және ақпараттық жаңа модельді дамыту басқармасының бас сарапшысы, 2016-2017 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті Ақпараттандырудың жаңа моделін дамыту және нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу басқармасының бас сарапшысы, 2017-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті Ақпараттандырудың жаңа моделін дамыту және нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу басқармасының басшысы, 2018 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары, 2018-2019 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Цифрландыру департаменті директорының орынбасары, 2019 жылы ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрландыру департаменті директорының орынбасары, 2019 жылы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрландыру департаменті директорының орынбасары, 2019-2020 жылдары ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры, 2020 жылы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық трансформация департаментінің директоры, 2020-2021 жылдары ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық шешімдер департаментінің директоры, 2021-2022 жылдары ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қараша айынан бастап атқарып келеді.