12 тамыз күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 тамыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Іс басындағы төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османидің Қазақстанға ресми сапары өтеді.

11.00-де «Казгидромет» ғимаратында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі үй жануарларын міндетті есепке алу туралы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізеді.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Астанадағы жаңа қоғамдық кеңістіктер мен саябақтарды абаттандыру туралы» онлайн брифинг өтеді. https://www.facebook.com/rsk.astana01

12-00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Телекоммуникация индустриясын дамыту және Қазақстандағы байланыс сапасын жақсарту» атты баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14.00-де Астаналық циркте XIV Халықаралық «Азия Жаңғырығы» цирк өнері фестиваліне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

17.00-де Radisson қонақ үйінде Қазақстанның үздік құрысшылары мараппатталады.

19.00-де Орталық саябақтағы амфитеатрда Халықаралық жастар күніне орай «Jastar Fest» фестивалі өтеді.