12 тамыз: Туған күн иелері

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 12 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

52 жылбұрын (1967) Ақмола облысы әкімінің индустрия және инвестициялар жөніндегіорынбасары Қанат Мұратұлы ЫДЫРЫСОВ дүниеге келген.

Көкшетау қаласында туған. Целиноградауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын агроном мамандығымен (1990);Республикалық салааралық есеп және статистика институтын есепші-экономистмамандығымен (1997) бітірген.

Еңбек жолы: Көкшетау облысындағы«Садовый» кеңшарының агрономы (1991 жылдан бастап); Көкшетау және Ақмолаоблыстары бойынша Салық басқармасында түрлі лауазымдар атқарған (1992-1999);Атбасар ауданы бойынш Салық комитетінің төрағасы (2000-2006); «Бурабай» МҰТП»директорының орынбасары (2006-2008); Қазақстан Республикасы Президенті ісбасқармасының ведомствоға бағынышты ұйымдарды басқару бөлімінің меңгерушісі(2008-2018).

Қазіргі лауазымын 2018 жылғықаңтардан бері атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін» медаліменнаградталған.

50 жыл бұрын (1969) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетініңШекара қызметі директорының орынбасары Ержан Жиқсанғалиұлы МЫРЗАБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған.Армия генералы В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесінаяқтады (1990): РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясы жанындағы Әскериқаржы-экономикалық факультетін бітірді (1999).

Еңбек өтілі: ҚР ҰҚК Шекара қызметіқаржы қызметінің бастығы, инспекцияның инспектор-ревизоры,департамент бастығының орынбасары, бас қаржы инспекциясының бастығы болды.

Қазіргі қызметінде 2014 жылдыңқарашасынан бері.

36 жыл бұрын (1983) Атырау қаласыныңәкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ дүниеге келген.

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында туған. Қ. Жұбановатындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономика мамандығымен (2007);Қазақ-Орыс халықаралық университетінің құқықтану факультетін (2012); РесейФедерациясы жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызметакадемиясын мемлекеттік және муниципалдық басқару жөніндегі мамандығы (Masterof Public Administration (MPA) бойынша (2017) бітірген.

Еңбек жолы: Ақтөбе қаласында коммерциялықмекемелерде жабдықтаушы (2004-2006); Батыс Қазақстан облысы экономика жәнебюджеттік жоспарлау департаментінде, Батыс Қазақстан облысы әкімініңаппаратында бас маман (2008-2010); Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратындабөлім басшысы (2010-2012); Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімініңорынбасары (2012); Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы (2012-2013); Атырауоблысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы(2013-2016); Махамбет ауданының әкімі (2016-2017); Жылыой ауданының әкімі(2017-2018).

Қазіргі қызметінде 2018 жылғы маусымнан бері.

Соңғы жаңалықтар