12 жасар бала әжесі мен атасына бару үшін жүк машинасын айдап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саксонияда екі бала 200 шақырым жерде тұратын әжесі мен атасына бару үшін әке-шешесінің жүк машинасын айдап кеткен.

 Ал үйлерінен баласын және оның досын таппаған  ата-аналары  дереу полицияға хабарласуға мәжбүр болған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері шұғыл іздеу салып, балаларды туыстарының үйінен тапты.

 Анықталғандай, ерлі-зайыптылардың ұлы мен досы жүк көлігіне мініп, Баварияда тұратын әжеі мен атасына тартып кеткен. Оларға туыстарына жетуі үшін  Хемниц қаласынан 200 шақырым жерді еңсеру керек  еді.

Абырой болғанда, жоғалған балалар  әжелері мен аталарының үйінен табылды. Олар 200 шақырым жерді ешқандай оқиғаға ұрынбай жүріп өткен, деп хабарлайды piter.tv.