12 жастағы бала өгей әкесін атып өлтірді

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Мәскеуде 12 жастағы бала тирде абайсызда өгей әкесін атып тастады. Бұл туралы Ресей ІІМ Бас басқармасына сілтеме жасап РБК хабарлады.

Тосын оқиға қаланың солтүстік-батысында, Волоколамск тас жолы бойындағы 86-шы үйде орын алған. Тирде баланың анасы да болған. Баланың ата-анасы нысананы көруге кеткен кезде мылтықты қолына алған ол абайсызда атып қалады. Алған жарақаттан баланың өгей әкесі сол жерде жан тапсырды. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданады.