12 жастағы Мұхаммед Құранды жатқа оқудан әлемдік рекорд орнатты

АСТАНА. 14  шілде. ҚазАқпарат - Үндістанның Махараштра штатының Ахмеднагар қаласында Мухаммед Забихулла есімді бала Құранды жатқа 12 сағат ішінде оқып шығып, әлемдік рекорд орнатты.

Бұл туралы muslim.kz сайты жазды.

Таңертеңгі сағат 8-де оқуды бастаған ол, Құранды кешкі сағат сегізде еш мүдірместен және кітапқа қарамастан хатым етті. Мухаммед Забихулла Құран Кәрімді 8 айдың ішінде жаттап алған.

Осы жетістігі үшін мектеп басшылығы оған жақсы сыйлық тарту еткен. Бірақ нендей сыйлық екендігі айтылмады. Қазіргі уақытта Мухаммед Забихулланы Гиннес рекордтар кітабына енгізу өтініші білдірілді.

Бүгінде Ислам әлемінде Қасиетті Құранды жатқа білетін миллионға жуық хафиз бар.