12 жастағы сириялық босқын қыз Бразилиядағы Олимпиада алауы эстафетасына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириялық босқын отбасынан шыққан 12 жастағы Ханан Халед Дакка есімді қыз Бразилиядағы Олимпиада алауы эстафетасына қатысады, деп жазады ТАСС.

Бұл туралы жексенбі күні алдағы тамыз айында Рио-де-Жанейрода өтетін басты сайысты ұйымдастыршылар хабарлап отыр.
«Сириялық босқын қыздың отбасы елдің солтүстік-шығысындағы Идлиб қаласында өмір сүрген. Онда азаматтық соғыс болды. Осыдан кейін олар Иорданияға өтіп, кейін Бразилияға келген. Бұл күнде Сан-Паулу қаласына тұрақтады. Қазіргі уақытта қыздың анасы тағы бір баланың дүниеге келуін күтіп отыр», - делінген «Рио-2016» ұйымдастыру комитетінің хабарламасында.
Бразилиядағы Олимпиада ойындарының эстафетасын ашу құрметі волейболдан ұлттық құрама спортшысы, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Фабиана Клаудиноға берілген.