«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Таңертең және күндіз Қызылорда облысында, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.