12 жыл бірінші орынды бермей келген ресейліктің орнын америкалық теннисші Серена Уильямс басты.
Соңғы жылы Уильямс 28,9 миллион доллар пайда тапқан, ал Шарапованың табысы 21,9 миллионды құрады. Бірінші бестікке америкалық спортшы Ронда Роузи (14 миллион), автошабандоз Даника Патрик (АҚШ) (13,9 миллион) және польшалық теннисші Агнешка Радваньска (10,2 миллион) кірді.
7 наурызда арнайы баспасөз конференциясында Шарапова Australian Open-де жарысқа шығар кезде алынған допинг-сынама оң нәтиже бергені туралы хабарлама алғанын мойындады. Спортшының қанында мельдония белгілері байқалған. Ол 12 наурызда жарысқа қатысудан шеттетілді.
Шарапованың ісі бойынша сот тыңдауы 18 мамырда Лондонда өтуі тиіс болатын. Сот үрдісі кейінге қалдырылып, нақты күні әзірге белгіленген жоқ.
Серена Уильямс 4 маусымда «Ролан Гаррос» финалында испандық Гарбин Мугурусадан жеңілген.