«12 жыл құлдықта» фильмінде ойнаған актриса жылдың ең әдемі әйелі атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Афроамерикандық актриса Лупита Нионго People журналының сәрсенбі күні жариялаған рейтингінде жылдың ең әдемі әйелі атанды.

Биылғы наурыз айында Нионго тарихи «12 жыл құлдықта» (12 Years a Slave) драмасында екінші пландағы әйел ролін ең үздік орындағаны үшін "Оскар" сыйлығын иеленген болатын, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.