«Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, экономикамыздың әрбір саласына қатысты жұмыс топтары құрылған болатын. Осыған дейін өздеріңізбен 1-2 кездесу өткіздік. Бүгінгі біздің мақсатымыз - сол тапсырмалардың қандай деңгейде орындалып жатқанын саралау. Оның үстіне қазіргі таңдағы үлкен мәселелердің бірі - мамандарымыздың сапасын, біліктілігін арттыру, қазіргі эконмиканың сұранысына қарай кәсіби деңгейі жоғары мамандар дайындау», - деді ол.
Осы ретте вице-премьер биылғы жылдың соңына дейін 480 кәсіптік стандарт әзірленуі тиістігін еске салды.
«Қазіргі таңда оның 120-ға жуығы дайындалды. Алдағы 4 айдың ішінде қалғанын дайындап бітуіміз керек. Осы берілген тапсырмаларды орындау үшін әрбір министрлік басшысының орынбасарлары өзінің саласындағы кәсіптік стандартты дайындауға жауап береді», - деді Бердібек Сапарбаев.