120 жастағы Фатима Хайранова арнайы құттықтау алды - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 8 наурыз - әйелдердің халықаралық мерекесі қарсаңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Төле би ауданында тұратын 120 жастағы Хайранова Фатима ананы құттықтап,өңір басшысының атынан сый-сияпат тарту етті.

Еліміздегі ең қарт ана Көксәйек кеңшарында көп жылдар бойы жұмысшы болып еңбек етіп, сол жерден зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде 15 немере, 33 шөбере, 30 шөпшек және 3 немене сүйіп отырған кейуананың ойы анық, денсаулығы бір қалыпты.

Сондай-ақ, қарт анамызды құттықтай келген аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков те өз ыстық лебізін білдіріп, әжеге бағалы сыйлығын табыс етті, деп хабарлайды otyrar.kz.