Ал құмыра сыртындағы жазу оның VIII ғасырда жасалғанын көрсеткен. Сонда квевриге судың құйылғанына шамамен 1200 жылдай мерзім болғаны айғақтала түседі. Археологиялық экспедиция ның жетекшісі Нодар Бахтадзенің айтуынша, «Джорджиан Уотер энд Пауэр» компаниясы жүргізген зерт ханалық тексерудің нəтижесінде шамамен 1200 жылдан астам уақыт ыдыс ішінде тұрған су барынша таза, тіпті, ішуге де əбден жарамды болып шыққан. Судың құрамынан ешқандай бактерия табылмаған. Тағы бір анықталғаны, ол жаңбырдың емес, бұлақтың суынан алынған.
Экспедиция басшысы суды өзі ішіп көргенін жеткізген. Оның шамалы бөлігін жергілікті патриархия өкілдері де алып кеткен. Діни қызметкерлер суды сонша ма жылдар аралығында қасиетті болып кеткенін, сондықтан осы кезге дейін таза қалпын сақтап келгенін айтады.