Associated Press-тің хабарлауынша, Кармело Флорес Лаура Титикака көлінен алыс емес жерде орналасқан ауылда жер еденді және сабан шатырлы лашықта тұрады. Ол қолтаяқсыз өз бетімен жүріп-тұрады және үнемі кока өсімдігінің жапырағын шайнайды.
Құжат бойынша Флорес Лаура 1890 жылдың 16 шілдесінде дүниеге келді. Қарттың өзі оның жасы «100-ге жуық немесе одан көп» болуы тиіс деп мәлім етуде. Ол өзінің ұзақ өмір сүруін күнделікті көп жүретінімен, асқа күрішті немесе кеспені пайдаланбайтынымен түсіндіруде. Есесіне қой еті мен арпаның дәнін сүйіп жейді. Суды Флорес Лаура биік таулардан келетін көздерден ғана пайдаланады, алкогольді мүлдем тұтынбайды. Қарттың сөзіне қарағанда, ол ешқашан ауыр сырқаттанып көрмеген.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың маусымында 116 жаста болған Жердің ең қарт адамы Дзироэмон Кимураның өлімінен кейін, ең ұзақ өмір сүруші адам ретінде 115 жастағы жапондық әйел Мисао Окава танылған болатын. Ғаламшарда бұрын-соңды ұзақ өмір сүрген адам ретінде 1997 жылы 122 жасында көз жұмған француздық әйел Жанна Луиза Кальман саналады.