Ресми мәліметтен бюджеттің кіріс жоспары 91 пайыз ғана орындалғанын көруге болады. Нақты айтсақ, жоспарланған 16 трлн 602 млрд 33,9 млн теңгенің орнына 15 трлн 112,07 млрд теңге түскен.
Оның ішінде 10 айда бюджетке 12,5 трлн салық түседі деп жоспарланғанымен, шын мәнінде 9,04 трлн теңге ғана салық түскен. Яғни, жоспар тек 72,4 пайыз орындалған.
Салық кірістерінің ішінде табыс салығының жоспары 71,5 пайыз ғана орындалып, 3,6 трлн теңгенің орнына 2,5 трлн теңге кірген. Ал қосылған құн салғының жоспары 65 пайызға орындалып, 6,06 трлн теңгенің орнына 3,9 трлн теңге кірген.
Ал цифрлық майнингтің төлемақы жоспары 4, 2 млрд теңге деп белгіленген. Ол жоспар тек 81, пайыз орындалып, 3,4 млрд теңге түскен.
Мұнайға салынатын кедендік әкету бажының жоспары 1,3 трлн теңге деп белгіленіп, 84,7 пайыз ғана орындалған. Атқарылғаны – 1,1 трлн теңге.
Кеден төлемдерiнің жоспары 1,8 трлн теңге болады деп жоспарланғанымен, 87,9 пайыз ғана орындалып, 1,5 трлн теңге болған. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес төленген кедендік баждардың жоспары 60,1 пайыз ғана орындалған.
Бұған дейін Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатының алдында шетелден 3 жылға дейінгі жаңа көліктерді елге әкелудің жаңа тәртібі туралы пікір білдірген болатын.