Клубтың қарызы шамамен 7,6 млн еуроны құрайды. Бұл ретте Уэльва қаласының билігі футбол клубының негізгі қарыздарын жапқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, Eurosamop қарызға батқан спорт мекемесін сатып алуы ықтимал.
Айта кетейік, «Рекреативо» Испаниядағы ең көне клубтардың бірі болып саналады. Осы жылы ол өзінің құрылғандығына 129 жылдығын атап өтуі тиіс. 2002/2003 жылдары ол Испанияның кубкасының финалына шыққан.