13 ақпан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM - Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 13 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.
12.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде Құрылыс кодексі жобасы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша ілеспе түзетулер таныстырылады.
14.30-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жалпыға бірдей декларациялау» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де Қазмедиа орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы қызмет қорытындылары және 2024 жылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Дүние-ғапыл» метафизикалық драмасы ұсынылады.