13 ақпан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 13 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

71 жыл бұрын (1953) М.Оспанов атындағы БҚМУ КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, PhD (Жапония), нейролингвистикалық бағдарламалау шебері, жоғары білікті дәрігер, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, ДСҰ сарапшысы Төлебай Қосиябекұлы РАХЫПБЕКОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Семей медицина институтын, 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетін, 2000 жылы О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2009 жылы – Қазақ Гуманитарлық инновациялық заң университетін бітірді. Мамандығы – дәрігер, заңгер-құқықтанушы, экономист-менеджер, педагогика және психология бакалавры.

1972-1990 жылдары цехтық дәрігер, бас дәрігердің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск қаласында «Лениногорсксвинецстрой» тресі медсанчасінің бас дәрігері болды.1994-1997 жылдары Алматы қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Төтенше және медико-биологиялық мәселелер бас басқармасының бастығы, Жезқазған облысы денсаулық сақтау департаментінің бастығы, Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары қызметінде болды. 1998-1999 жылдары ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 1999-2002 жылдары ҚР премьер-Министрінің кеңесшісі. 2002-2007 жылдары «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ әлеуметтік жұмыс бойынша басқармасының бастығы болды. 2007-2017 жылдары Семей мемлекеттік медицина академиясының ректоры, 2017-2020 жылдары «Медицинский университет Астана» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 2020-2022 жылдары Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КеАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Стратегиялық даму комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «ҚР Парламентінің 10 жылдығына» мерекелік медальдары, Туризм және спорт министрлігінің «Туризм мен спортты дамытудағы ерен еңбегі үшін» Құрмет белгісі, ҚР ҰҒА Құрмет белгісі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен мен марапатталған. Президенттің 2011 жылғы 5 желтоқсан Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2016 жылы «Парасат» орденімен марапатталды. Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.

2001 жылдан бастап медициан ғылымдарының докторы, 2008 жылы профессор ғылыми атағы берілді.

Жапонияның Шимане медицина университетінің профессоры (Professor of Clinical Medicine at the University of Shimane), Манна Университетінің профессоры (Үндістан).

Фото: newjournal.ssmu.kz

47 жыл бұрын (1977) Орал қаласы қаржы бөлімінің басшысы Ербол Едігеұлы ШҮКІРҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Ақмола қаржы-экономикалық колледжін «қаржы» мамандығы, Батыс Қазақстан аграрлық мемлекеттік «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолы: 1998 жылы Батыс Қазақстан облысы қазынашылық басқармасының төлемдер есептеу және есептер бөлімінің маманы, 1998-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысы қазынашылық басқармасының операциялық бөлімінің жетекші маманы, 2000-2002 жылдары Батыс Қазақстан облысы қазынашылық басқармасының операциялық бөлімінің бас маманы, 2002-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы қазынашылық басқармасы республикалық бюджетінің қазынашылық қызмет көрсету бөлімі бастығы қызметін атқарған. 2005-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің мемлекеттік бюджеттің атқарылуы басқармасының бастығы, 2008-2012 жылдары "Орал-Терминал" ЖШС-нің экономист, 2012 жылы Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасысының коммуналдық меншікті басқару және мүліктік жалдау бөлімінің жетекші маманы, білім беру, мәдениет, спорт, ішкі және жастар саясаты салаларын қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінің бастығы қызметінде болды. 2012-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасысының қорғаныс және мемлекеттік, құқық қорғау органдары шығыстарының атқарылуын талдау және қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жүргізу бөлімінің басшысы, жиынтық талдау, бюджеттің орындалуын үйлестіру және түсімдер бойынша жиынтық жоспарын жүргізу бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс атқарған.

Қазіргі лауазымын 2016 жылдың 18 қазанынан бастап атқарып келеді.

Фото: gov.kz

40 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы Мадияр Дүйсенбайұлы ҚОЖАХМЕТ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық құқық факультетін (2005) халықаралық құқық бакалавры мамандығы бойынша, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2007) халықаралық құқық магистрі мамандығы бойынша; «Болашақ» бағдарламасы бойынша Чех мемлекеттік қоғамдық ғылымдар университетін (2008) экономика және менеджмент магистрі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ-да бастаған.

2003-2008 жылдары Чехия Республикасындағы Қазақстан жастар конгресінің бөлім, басқарма бастығы, орынбасары, атқарушы директоры, халықаралық өкілі қызметінде болды. 2008-2012 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты бағыты бойынша жұмыс істеді. 2012-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі бөлімінің инспекторы, 2014-2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2019-2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. 2020-2023 жылдары ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы қызметінде болды.

Қазіргі лауазымын 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап атқарып келеді.

«Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен, «Құрмет» грамотасымен марапатталған.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

92 жыл бұрын (1932-2011) Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық әртісі, қазақ балет әртісі Зәуірбек Молдағалиұлы РАЙБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы хореография училищесін, Ленинград (Санкт-Петербург) хореография училищесінің жетілдіру сыныбын, Мәскеу Мемлекеттік театр және өнер институтының балетмейстерлік бөлімін бітірген.

Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрының балетмейстері болған. Зәуірбек Райбаевтың репертуарында П. Чайковскийдің «Аққу көлі» мен «Ұйқыдағы ару», Ғазиза Жұбанованың «Ақ құс туралы аңыз», Қ. Қожамжаровтың «Чин-Томур» және тағы басқа шығармалары бар.

«Құрмет белгісі» ордені иегері (1958), 1957 жылы Мəскеуде өткен жастар мен студенттердің Дүниежүзілік фестивалінің лауреаты, 1958 жылы Бүкілодақтық эстрада əртістері конкурсының лауреаты, ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1958), ҚР халық әртісі (1982), «Құрмет» (2001) ордені, ҚазКСР Жоғары кеңесінің құрмет грамотасы, «Ерең еңбегі үшін» медалімен мараптталды. 1986 жылы ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1969).

87 жыл бұрын (1937-2000) тележурналист, отандық тележурналистика саласының негізін қалаушылардың бірі әрі осы саланың көрнекті теоретигі, түрколог Марат Кәрібайұлы БАРМАНҚҰЛОВ дүниеге келді.

Алматы облысының Талғар қаласында туған. ҚазМУ-ді бітірген (1950).

Бесінші курстан бастап Алматы телестудиясының репортері, содан кейін жастар спорт бөлімінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді. 1961-1965 жылдары Мәскеу университеті журналистика факультетінің аспиранты.

ММУ-дің бригадасымен бірге студенттік құрылыста «Молодой целинник» газетінің негізін қалады. «Планета целины» кітабы авторларының бірі. Филология ғылымдарының кандидаты (1965), филология ғылымдарының докторы (1981), профессор (1982). 1965 жылы ҚазМУ-де ассистенттен журналистика факультеті деканының орынбасары, 1991 жылы «Казахстанская правда» газеті редакторының бірінші орынбасары. Сол жылдан бастап өмірінің соңына дейін ҚазҰУ-дың телевизиялық журналистика кафедрасының меңгерушісі, Әлем әдебиеті және журналистика университетінің бірінші проректоры. Көрнекті ғалым «Весь мир в вашей квартире», «Журналистика для всех», «Сравнительный анализ жанров», «Жанры печати, радиовещания и телевидения», «Искусство современной информации», «Телевидение: деньги или власть?», «Хан...Иван» т.б. оқу құралдары мен монографиялардың, жүздеген ғылыми мақаланың авторы. Қазақстан Журналистер одағының хатшысы, Еуразия Халықаралық экономика академиясының академигі. Марат Барманқұлов Қазақстандағы алғашқы тележурналистердің бірі, телевизиялық және радиожурналистика теориясының, сондай-ақ телевизия және радиожурналистика кафедрасының, ҚазҰУ-дағы телевизиялық және радиостудияның негізін қалаушы.

Фото: egemen.kz

84 жыл бұрын (1940-2021) әншi (лирикaлық бaритон), композитор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ескендір Өтегенұлы ХАСАНҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында туғaн. Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaлды-хор фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н.Шaриповaның клaсы бойыншa курсты, Әл-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрдi.

1970 жылдaн бaстaп Қaзaқ рaдиосы мен теледидaрының солисi. Ол Қaзaқстaнның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы. «Құрмет» орденiмен мaрaпaттaлғaн (2000). Хaсaнғaлиевтiң «Әдемi», «Aсыл aрмaн», «Өмiрiмнiң жaзы», «Aтaмекен» әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен қaбылдaйды. Оның бiрнеше ән жинaғы жaрық көрдi. Xaсaнғaлиев әндерiнiң тaқырыбы сaн aлуaн. Ол қaзaқ, орыс, тaтaр, немiс aқындaрының туғaн ел, еңбек, жaстық шaқ, мaхaббaт тaқырыбындaғы өлеңдерiне көптеген ән жaзды. Хaсaнғaлиев гaстрольдiк сaпaрмен Моңғолия (1975), Болгaрия (1982), Югослaвия (1968), Aлжир (1969), Сирия мен Ливaн (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды. Қaзaқстaн Комсомолы сыйлығының иегерi (1970). Қaзaқ КСР хaлық әртісi (1984).

Фото: instagram.com/eskendir_khassangaliev