НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден елордалық «Барыс» құрамында қазір 12 ойыншы қалғаны белгілі болды. Бұл жөнінде Құрлықтық хоккей лигасы ойыншылардың ауысу кестесінде көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған мәліметтер КХЛ-дың ресми сайтында жарияланған.
Ол дерек бойынша қазір команда құрамында 12 хоккейшінің қалғаны анықталды.
Елордалық клуб сапында қалған хоккейшілер қатарында Никита Бояркин, Андрей Шутов, Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Егор Шалапов, Әлихан Әсетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Аркадий Шестаков бар.
Ал түрлі себептермен 13 хоккейші команда құрамынан кетті.
Бұл тізімге Йони Ортио, Олле Альсинг, Эрик Мартинссон, Джо Морроу, Валерий Орехов, Роман Савченко, Якоб Берглунд, Линден Вей, Кертис Волк, Коди Куник, Якоб Лилья, Роман Старченко, Томаш Юрчо енгізілген.
Еске салсақ, бұған дейін Финляндия құрамасы 2022 жылғы шайбалы хоккейден әлем чемпионы атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.