13 қаңтар ДҮЙСЕНБІ
Ескі Жаңа жыл. Ресей баспасөзінің күні. 1991 жылғы желтоқсан айында РФ Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Ресей мерзімді баспасөзінің көшбасшысы - Мәскеуде шыққан ең алғашқы басылым - «Ведомости» газетінің 300 жылдық мерейтойына байланысты осы күнді мереке ретінде атап өту туралы шешім қабылдады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 88 жыл бұрын (1926) Қ.Кемеңгеровтың «Алтын сақина» пьесасымен қазақтың бірінші кәсіби ұлттық театры - Қазақ драма театрының (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры) ресми ашылу рәсімі өтті. Өнер ұжымы алғаш рет 1925 жылы Қызылорда қаласында ұйымдастырылған болатын. 1929 театр труппасы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы академиялық мәртебесін алса, ал 1961 жылы қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді. Театр сахнасында халық шығармашылығының танымал шеберлері: И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, З.Атабаева, т.б. өнер көрсеткен. 1926-1932 жылдары театрға актер және режиссер Жұмат Шанин басшылық жасаған.
22 жыл бұрын (1992) Бауыржан Момышұлының қайырымдылық қоры құрылып, республикалық мәртебе алды.
21 жыл бұрын (1993) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заң қабылданды.
90 жыл бұрын (1924) ағартушы, ұстаз Сұлтанбек Қожанов «Ақ жол» газетінде жарияланған мақаласында демократия туралы пікірін білдіріп, «Демократия партия жасау жолында пайдаланылуы керек. Демократия тілмаштар үшін емес, партия жұртшылығы үшін, әсемдік үшін емес, жұртшылықты көтеру үшін», - деді.
80 жыл бұрын (1934) Алматыда Қазақ музыкалық драма театры (қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры) құрылды. Театр сахнасында ең бірінші М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі мен Б.Майлиннің «Шұға» драмасы қойылды.
1 5 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы «Атамұра» баспасынан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.
7 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін жаңарту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.
5 жыл бұрын (2009) Екібастұзда (Павлодар облысы) халық қаһарманы Жасыбай батырдың Қоғамдық қоры құрылды.
Оны көмір шығарушылар мен энергетиктер қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының минералды қорлар академиясының корреспондент мүшесi Серік Жақсыбаев құрды. Павлодарлық Ертіс жағалауының тарихына арналған бірнеше кітаптардың авторы.
Жасыбай батыр жоңғарлармен шайқасқан отрядты басқарды. 1752 жылы бүгінгі Баянауыл ауданы аумағында жау жебесiнен қаза болған. Бұл Шойынкөл көлінің маңайында болды, содан кейін ол жер Жасыбай аталып кеткен.
Қор Жасыбай батырға ескерткіш орнатуға қаражат жинау үшін құрылған.
8 жыл бұрын (2006) Шығыс Қазақстанның этнографиялық мұражайы атын облыстық археолог-этнографиялық, табиғи-көрініс мұражай-қорығы деп өзгерті. Өскемен мұражай қорығының қарамағына хайуанаттар бағы, тәлімбақ, екі қалалық бақ, ашық аспан астындағы мұражай және балалар қалашығы. Көп жылдар бойы мұражай қызметкерлері осы жерлердегі барлық қажетті жұмыстарды ерікті түрде орындаған, оларды этнографиялық мұражайдың қаражатынан қаржыландырылған.
Этнографиялық мұражайдың ұжымы қалалық бақтарда фонтандардың каскадтары бар экзотикалық табиғатың, сирек кездесетін өсімдіктер мен гүлдердің топтамасын өзіндік «жұмақ бұрыштарын» жасады, олар облыс орталығының және қала тұрғындарының мақтанышы.
4 жыл бұрын (2010) Венада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабы неміс тілінде жарық көрді.
ЕСІМДЕР
56 жыл бұрын (1958) Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты ӘБЕУОВ Марат Ертайұлы дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген. Амангелді аудандық ауруханасының бөлімше меңгерушісі, Қарағанды медицина академиясының кафедра меңгерушісі болған. Қарағанды облысының бас хирургі қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді. 57 ғылыми еңбектің авторы.
74 жыл бұрын (1939-1988) ақын, аудармашы ПОСТНИКОВ Олег дүниеге келді.
Ресейдің Тула облысында туған. 1958 жылы Минеральные воды қаласында техникалық училищені бітіргеннен кейін, Қазақстанға келген. М.Горький атындағы Әдебиет институтының поэзия бөлімін бітірген. Он жылдан астам уақыт қалалық, аудандық және облыстық газеттерде еңбек етіп, Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болған. Қаламгердің бірнеше жыр кітабы, повестері жарық көрген. Көркем аударма саласында қазақ ақындарының туындыларын орыс тіліне тәржімалаған.
10 9 жыл бұрын (1905-1985) суретші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері ЦИВЧИНСКИЙ Николай Владимирович дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ресейдің Санкт-Петербор қаласында туған. Украин технологиялық керамика және шыны институтын бітірген.
1937 жылдан Алматы қаласында тұрып, осындағы кілем-гобелен шеберханасында суретші болды.
Цивчинский - «Көктем», «Абай» атты алғашқы қазақстандық кілем гобелендерінің авторы. Монументті-сәндік өнер саласында Цивчинский кезінде Өскемен қаласындағы металлургтер, Балқаш қаласындағы құрылысшылардың Мәдениет сарайын, Алматы қаласындағы «Шолпан» кафесін безендірді.
Ол өзінің таңдаулы шығармаларын суретші М.Кенбаевпен бірге жасады: Алматы қаласы «Алматы» мейрамханасындағы «Көкпар», «Қобыланды», «Еңлік - Кебек», Айнабұлақ кафесіндегі мозаикалар, «Қазақстан» дүкеніне арналған «Қазақ халқының кәсіптері» сграффитосы, Модельдер үйіндегі «Казақ халқының ұлттық киімі» қабырға өрнегі мен «Қалыңдықты киіндіру» витражы, Неке сарайындағы, Тараз қаласының «Восток» мейрамханасындағы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» қабырға өрнегі, т.б.
79 жыл бұрын (1935-2000) белгілі жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері ТОҚТАРОВ Рамазан дүниеге келді.
Алматы шет тілдер институтының француз тілі факультетін бітірген соң, Павлодар облыстық газетінде жұмыс істеді. Содан бергі еңбек жолы қазақ баспасөзімен тығыз байланысты. Әр жылдары «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында, сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағында, «Жазушы» баспасында қызмет атқарды.
Жазушы «Ертіс перзенттері» деп аталатын әңгіме хикаяттар жинағымен әдебиетке келді. Ол көркем эссе, әдеби сын жанрларында қалам тербеді. Жазушының негізгі суреткерлік қарымы мен дарыны эпикалық прозада көрінді.
«Бақыт», «Ертіс мұхитқа құяды», «Жердің үлгісі», «Тұлпардың сыны», «Сусамыр», «Таңбалы жарғақтың құпиясы», «Бақытты құлдықтың ақыры», «Бітеу жара» сияқты 24 кітаптан тұратын 16 романның авторы. «Абайдың жұмбағы» роман-эпопеясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері.
103 жыл бұрын (1911-1995) әйгілі палуан, классикалық күрестен КСРО спорт шебері, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, бапкер ЯРКОВ Василий Григоревич дүниеге келді. Алматы облысында туған. 1932 жылы қазақтың әйгілі палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовпен, орыс палуаны Иван Поддубныймен кездесіп күрескен. 1949-1950 - жылдары Бүкілодақтық Орталық Кеңесі Кәсіподақтарының ең ауыр салмақтағы чемпионы атанған. Өзінің 60 жасқа келген шағында «Спартак» Ерікті спорт қоғамының Құрама командасының сапында өнер көрсетіп, ауыр салмақта бойы 199см, салмағы 135 кг-да күресіп, Қазақ КСР-інің, Орталық Азияның чемпионы атаған жеңіп алған.
56 жыл бұрын (1958) ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары ОРДАБАЕВ Самат Исламұлы дүниеге келді.
Талдықорған облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1980-1990 жылдары - В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Шығыс бөліимінде аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер. 1990-1992 жылдары - ҚазНИИНТИ бөлім меңгерушісі. 1992-1994 жылдары - Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалым-хатшысы. 1994-1996 жылдары - ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінің басқарма бастығының орынбасары. 1996 жылы - ҚР-нің ТМД қатысушы елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы. 1998-2000 жылдары - ҚР СІМ үшінші, екінші, бірінші хатшысы, бөлім бастығы, басқарма бастығы.2000-2003 жылдары - ҚР-ның Беларусьтағы елшілігінің кеңесшісі. 2003-2004 жылдары - ҚР СІМ ТМД істері комитеті төрағасының орынбасары. 2004-2005 жылдары - ҚР СІМ ТМД департаментінің директоры. 2005-2006 жылдары - ҚР-нің Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары - ТМД атқару комитеті төрағасының орынбасары - атқарушы хатшысы. 2007-2013 жылдары - ҚР-нің Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесші-елшісі. 2013 жылғы ақпаннан - ҚР Сыртқы істер министрініің орынбасары. Медальдармен, ҚР Президентінің Алғысхатымен марапатталған.
3 8 жыл бұрын (1976) танымал қазақстандық әнші және актриса АБДУЛЛИНА Карина дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. . Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының фортепиано факультетін бітірген (1998), пианист, концертмейстер, педагог-музыкант, камералық ансамбльдің солисі. «Мюзикола» дуэті әндерінің көбісінің музыкасы мен мәтіндерінің; «Арман қыз» өлең кітабының авторы. С. Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» көркем драмасына түскен (Мария).Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1992 жылдың мамыр айынан бері - «Мюзикола» танымал дуэтінің солисі.
«Big Apple Music 96» (Нью-Йорк) халықаралық танымал музыка конкурсы бірінші сыйлығының лауреаты. ҚР Президенті қорының мәдениет саласындағы 3 номинациясы сыйлығының лауреаты: «Эстрада-цирк өнері»; «Әдебиет» («Арман қыз» өлеңдер жинағы үшін); «Кинематограф» («Мұстафа Шоқай» кинофильміндегі Мария рөлі үшін, 2009). «Утренняя звезда» музыкалық конкурсындағы басты жүлденің иегері (Мәскеу, 1994).
72 жыл бұрын (1942) атақты американдық миллиардер, кәсіпкер, өнеркәсәпші, танымал Dallas Cowboys футбол командасының иегері Джералл ДЖОНС дүниеге келді.
48 жыл бұрын (1966) ресейлік театр және кино актрисасы, әнші, тележүргізуші Ирина АПЕКСИМОВА дүниеге келді.
45 жыл бұрын (1969) атақты итальян шаңғышысы, бес Олимпиадаға қатысушы Стефания БЕЛЬМОНДО дүниеге келді.