Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, желдің күші - 15-20, Шығыс Қазақстан облысында ұйтқуы 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасынды, тұманды болады, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын жүреді, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау, Маңғыстау облыстарында күндіз кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.
. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.