14 қараша күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Фото: Pexels

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 13 қараша күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.30-да Radisson Astana қонақ үйінде Орталық Азия өңіріндегі әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оған қарсы іс-қимылға ер азаматтарды тарту бойынша ұлттық әлеуетті нығайту жөніндегі өңірлік семинар-тренинг өтеді.

11.00-де «Silteme» баспасөз клубында «Байтақ» жасылдар партиясы «(Вейптерді) Никотиннің электронды жүйесін жеткізуді, сатуға тыйым салу оң шешім емес, қатаң бақылау қажет» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.

11.00-де «Болашақ энергиясы» музейінде Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінің Корей мәдени орталығы ұлттық қолөнер мен дәстүрлі музыканы байланыстыратын K-Maestro дәстүрлі өнер көрмесіне шақырады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.  

15.00-де ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында ұлттық валютаның 30 жылдығына орай «Теңге — тәуелсіздік символы» атты ашық сабақ өтеді.

19.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Ромео — Джульетта» трагедиясы қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы қойылады.