13 қарашада үш қалада метеорологиялық жағдай қолайсыз болады
02:28, 13 Қараша 2023
13 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Жезказған, Шымкент, Астана қалаларында күтіледі, деп хабарлайды Kazinform.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.