13 қазан күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат – 13 қазанда Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады, онымен жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Тек елдің батысы мен солтүстік-батысында Қара теңіз аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батыста, солтүстік пен шығыста тұман болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады.