Сейсенбі күні таңертең WTI маркалы мұнай фьючерстері 1,63%-ға төмендеп, барреліне 92,21 доллар болды.
Brent маркалы мұнай соңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша 1,52%-ға арзандап, барреліне 105,03 долларға дейін түсті.
Сауда деректеріне сәйкес, Urals маркалы мұнайдың бағасы да төмендеді. Ресей мұнайының бұл маркасы 8,47%-ға арзандап, барреліне 118,23 доллар болды.
Бұған дейінгі сауда-саттықта мұнай бағасы барреліне шамамен 2 долларға өскен еді. Нарық қатысушылары Сауд Арабиясының энергетикалық инфрақұрылымына жасалған шабуылдар аясында мұнай жеткізіліміне төнетін қауіп-қатерлерді, сондай-ақ Ресей дизель отынын әлемдік нарыққа жеткізу көлемін арттыру мүмкіндігін бағалап жатыр.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің дизель отынын АҚШ пен әлемдік нарыққа жеткізетінін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Ресей шұғыл түрде 300 мың тоннадан астам дизель отынын, қараша айында тағы 500 мың тонна, ал одан кейін 1 млн тонна отын жеткізуге тиіс.