Жақында ғана Ресейде өткен деректі фильмдер фестивалінде арнайы жүлдеге ие болған «13 километр» деректі фильмі Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Фильмнің кейіпкері өзінің шыдамдылығы мен табандылығының арқасында үлкен шаруа қожалығының иесі болып отыр.
«Бұл фильмде басына түскен қиындықтарды еңсеріп, діттеген мақсатына жете білген ер азаматтың тағдыры суреттеледі. Фильм түрлі фестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп жатқанына өте қуаныштымын», - деді фильмнің режиссері.
Фестивальдің бас жүлдесі - «Шетелдің үздік фильмі» жүлдесін режиссер Роман Хрущтың «Печорин» фильмі иемденді. «Ең үздік актер» аталымы «Мусс» (режиссері Джон Хеллберг) картинасында сомдаған Стефан Бертолаға берілді, ал «Үздік деректі фильм» жүлдесімен Клавдия Бершадская түсірген ресейлік «Ұшу» фильмі марапатталды. «Ең үздік қысқа метражды фильм» жүлдесі «Тыныш бала» фильміне бұйырды.