ЕСІМДЕР
Батыс Қазақстан облысында туған. 1988 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді.
1988 -1991 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының оқытушысы болды. 1991-1994 жылдары - ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты. 1994-1996 жылдары - ҚР Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының ғылыми қызметкері. 1996 -1997 жылдары - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің аға оқытушысы, Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультеті деканының орынбасары. 1997 -1999 жылдары - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Халықаралық құқық факультетінің деканы. 1999-2001 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Астана қаласындағы филиалының директоры, Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болып қызмет атқарды. 2001-2006 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2006 - 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 2008 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. 2017-2019 жылдары – Маңғыстау облысының әкімі. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы. 2020-2022 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.
2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
Заң ғылымдарының кандидаты. Саясаттану ғылымдарының докторы. 2007 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Алматы облысының тумасы. Екі жоғары білімі бар: «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша экономика және құқық институтын және Алматы мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған. Әр жылдары ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры болып жұмыс істеген, Қазақстанның бірнеше өңірінде энергетика және ТКШ салаларында салалық құрылымдарды басқарған. Энергетика саласындағы ұлттық компанияларда басқарушы қызметтер атқарған, сонымен қатар «Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы» АҚ («КЕGOC») басқарушы директоры болып жұмыс істеген. 2017-2022 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары.
2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
Алматы қаласында туған. 1988 жылы Шымкент әскери мамандандырылған мектепті, 1992 жылы М.В.Фрунзе атындағы Киев жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 2000 жылдары ҚР ҚК Әскери академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Республикалық гвардияның арнайы мақсаттағы взвод командирі болып бастаған. Түрлі жылдары әскери салада басшылық қызметтерді атқарған. 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары болған.
2018-2019 жылдары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.
2019 жылдың желтоқсан айынан бері қазіргі қызметінде.
Орал қаласында туған. Докуз Ейлюл университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: Орал қаласының қаржы бөлімінің жетекші маманы (2001); БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы (2001-2002); БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бөлім бастығы (2002-2004); БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасы бастығының орынбасары (2004-2005); БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы (2005); БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары (2005-2006); «Қазақстан Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның БҚО филиалы директорының орынбасары (2006-2010); БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары (2010-2011); «БҚО кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры (2011-2012); БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары (2012-2013); БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары (2013); ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы (2015-2017); «БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы (2017-2018); БҚО әкімнің кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі орынбасары ( 2018-2019); Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі (2019-2022).
Қазіргі қызметінде 2022 жылғы сәуірден бастап.
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасында оқытушылықтан бастады. 2003 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде: құқық бөлімінің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімі талдау секторының меңгерушісі, Төрағаның кеңесшісі. 2008-2017 жылдары негізгі қызметімен қоса Еуропа Кеңесінің «Құқық арқылы демократия үшін» Венеция комиссиясының байланыс бойынша офицері функцияларын атқарды. 2017-2022 жылдары ҚР Конституциялық Кеңес аппаратының басшысы.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін» медалымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған.