13 маусым. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 13 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

79 жыл бұрын (1947) — жазушы, мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Нұрлан Мырқасымұлы ОРАЗАЛИН дүниеге келді.

Фото: qazaquni.kz

Ол Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Көкбастау ауылында туған. 1965 жылы орта мектепті бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті.

Еңбек жолын 1970 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер болып бастады. 1972-1984 жылдары республика Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды, 1984-1986 жылдары Республикалық қуыршақ театрының директоры болды.

1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының бірінші съезінде одақ басқармасының бірінші хатшысы болып сайланып, 1986 жылы өткен КСРО Театр қайраткерлері одағының бірінші съезінде басқарма құрамына енді.

1990-1993 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 1993-1996 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. 1996 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы, басқарма төрағасы болды.

2013-2016 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты. 2017 жылдың сәуірінен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.

2018-2019 жылдары ҚР Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссия мүшесі.

«Құрмет» (2005), «Парасат» (2010) ордендерімен, медальдармен марапатталған. Алматы қаласының құрметті азаматы.

71 жыл бұрын (1955) композитор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Балғабекқызы ҚЫДЫРБЕК дүниеге келді.

Фото: wikipedia.org

Алматы қаласында туған. К. Байсейітова атындағы республикалық арнаулы музыка мектебін, 1978 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Алматы мемлекеттік консерваториясында, Қазақстан Композиторлар одағында қызмет істеген.

2007 жылы «Қазақстан композиторлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, 2010 жылы Еуразия композиторлар қауымдастығының президенті қызметін атқарған.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты тұңғыш ұлттық балалар балетінің, «Қалқаман-Мамыр» опера-балетінің, «Наурыз мейрам хикаясы» балетінің, сондай-ақ көптеген симфониялық поэмалар мен увертюралардың, оркестрлік, камералық шығармалардың авторы.

Ол — отандық музыка тарихында тұңғыш рет үрмелі аспаптар оркестріне арналған шығармалар жазған композитор.

52 жыл бұрын (1974) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Аманжол Жомартұлы ЖАҚАНОВ дүниеге келді.

Фото: pkzsk.info

Қостанай облысының Федоров ауданында дүниеге келген. Қостанай ауыл шаруашылығы институтын (1995) агроөнеркәсіптік кешендегі экономика және басқару мамандығы бойынша; және Мәскеу қаласындағы Қазіргі заманғы гуманитарлық университетті (2000) заңтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің жеке салық салу бөлімінің 1-санатты маманы (1997); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің салық аудиті бөлімінің аға маманы (1997-1998); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің ірі салық төлеушілерді салық аудиті бөлімінің аға салық инспекторы (1998-1999); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің Сыртқы аудит департаментінің аға салық инспекторы (1999); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің Сыртқы аудит департаментінің бас салық инспекторы (1999); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің бастығы (1999-2000); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің Жанама салықтар департаментінің бастығы (2000-2003); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің Жанама салықтар департаментінің бастығы (2003); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің Лисаковск қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы (2003-2008); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы Лисаковск қаласы бойынша салық департаментінің төрағасы (2008); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы Әулиекөл қаласы бойынша салық департаментінің басшысы (2008-2009); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша салық департаментінің басшысының орынбасары (2009-2012); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің басшысы (2012-2013); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің басшысы (2013-2014); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы (2014 жылдың қарашасы — 2017 жылдың қазаны); Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы (2017 жылдың қазанынан 2020 жылдың тамызы дейін); Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы (2020 жылдың тамызы — 2025 жылдың қазаны).

Қазіргі қызметін 2025 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.

48 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Мәуілханқызы РАХМЕТУЛЛИНА дүниеге келді.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Шығыс Қазақстан облысында туған. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2000-2004 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық сотының маманы, 2004-2015 жылдары Өскемен қаласы № 2 сотының судьясы, 2015-2020 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.

2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі қызметінде.

43 жыл бұрын (1983) ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Хасенұлы МӘДИЕВ дүниеге келді.

Фото: Агибай Аяпберегнов / Kazinform

Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2000-2004) «Әлемдік экономика және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша бітірген; Колумбия университетінің Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін (2006-2007), мемлекеттік басқару магистрі (MPA), экономикалық саясатты басқару («Болашақ»); Массачусетс технологиялық институтының (MIT) Sloan Business School мектебін бітірген (2015-2016), бизнес әкімшілігі магистрі (MBA).

Еңбек жолы: «Альянс Банк» АҚ-ның маманы, жетекші маманы, бас маманы, борыштық бағалы қағаздар бөлімінің басшысы (2004-2006); Лондондағы Morgan Stanley инвестициялық банкінің Бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінің жетекші трейдері (2007); «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері (2007-2008); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығының сарапшысы (2008); «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры (2008-2009); «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2009-2010); «Ұлар-Үміт» ҰӘҚ» АҚ, «Жетісу» ХҚП» ЖШС Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор (2010-2011); «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2010-2014); Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі директорының орынбасары (2014-2015); «Ұлттық инвестициялық корпорация» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2014-2015); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі (2016); «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті (2017-2019); Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі (2019-2020); Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (2020-2022); Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі (2022); Binance Kazakhstan компаниясының бас менеджері (2022-2024); Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2024-025).

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

33 жыл бұрын (1993-2018) қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада жүлдегері Денис ТЕН дүниеге келген.

Фото: Денис Тен. Ашық дереккөз

Алматы қаласында туған. Денис — Корей империясы кезінде даңқты қолбасшы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы.

Мәнерлеп сырғанаудан бөлек, теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салу мектебіне барған.

Музыка мектебінде 5 сыныпты тәмамдап, хорға қатысқан. 2002 жылы Денис Тен қатысқан хор ұжымы Пусандағы Хор Олимпиадасында күміс медаль иеленді. Кейіннен мәнерлеп сырғанаумен айналысуға біржола ден қойды.

2003 жылы «Хрустальный конек» турнирінде оны Елена Буянова (Водорезова) байқап, Мәскеуге өзінің қол астында жаттығуға шақырады. Тен ересек спортшылармен жарысып, 2006 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңеді.

Бірақ халықаралық деңгейде тек келесі жылдан бастап көріне бастады, оған Халықаралық конькимен сырғанаушылар одағының жас шектеулері (13 жас) себеп болды.

Спорттағы жетістіктері: Ол — 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарының чемпионы, 28-ші қысқы Универсиаданың (Алматы-2017) чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы.

ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.