13 маусым күні астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 13 маусым күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады. 

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы болады.

11.00-де WYNDHAM GARDEN қонақ үйінде «Медициналық мекемелерде инфекцияны бақылау және инфекцияның алдын алу шараларын жүзеге асыру» ұлттық конференциясы өтеді.

11.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиевамен кездесу өтеді.

11.00-де «Таза Қазақстан: Таза бейсенбі» экоакциясы аясында «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы есірткі жарнамалары мен әртүрлі телеграм бот хабарламаларын өшіреді.

11.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Айбын» Х Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де «Таза Қазақстан: Таза бейсенбі» экоакциясы аясында «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының мобильді тобы заңсыз қоқыс тасталған орындарға мониторинг жүргізеді.