Стипендия «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдама» бағдарламалары бойынша тағайындалады.
ҚұжаттардыАстана қ., Орынбор көш., 4-үй, «Алтын орда» бизнес орталығы мекенжайына, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары және «электронды үкімет» порталы арқылы тапсыруға болады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдауүш кезеңде жүргізілетіндігін еске саламыз, атап айтқанда: бірінші - 11 сәуірден 13 мамырды қоса алған кезең; екінші -13 маусымнан 29 шілдені қоса алғандағы кезең; үшінші - 15 тамыздан 30 қыркүйекті қоса алғандағы кезең.