ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, К.Әубәкіров Көкшетау қаласы тұрғынын баласының мерзімінен бұрын босатылуына ықпал ету үшін лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеп, 900 мың теңге алған. 2019 жылы 15 ақпанда Көкшетау қалалық сотының үкімімен Әубәкіров айыпты деп танылып, оған 13 270 785 теңге айыппұл тағайындалған.
«Бекітілген кестеге сәйкес айыппұлын төлемегені үшін соттың қаулысымен жазаның аталған түрі 2 жыл 5 ай және 15 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Осыв жылдың 5 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған сот шешімін орындау мақсатында Әубәкіровті Көкшетау қалалық полиция басқармасының уақытша оқшаулағышына қамады»,- деп атап өтеді ведомстводан.