13 мың метр биіктікте сәби дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гвинея тумасы Диаби Нафи әуе компаниясының ұшағында босанды, деп хабарлайды Life.ru.

Жаңа туған Кадижу есімді қыз 13 мың метр биіктікте дүниеге келді.

 

Ұшақ Конакри (Гвинея) - Уагадугу (Буркина-Фасо) - Ыстанбұл (Түркия) бағыты бойынша кезекті рейсін орындаған, сәби Мали үстінен өтіп бара жатқанда туды. Ұшақ жерге қонған соң, ана мен нәресте Буркина-Фасо ауруханасына жеткізілді.