13 наурыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 13 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
57 жыл бұрын (1967) Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы Думан Әшкенұлы ТАЕВ дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Солтүстік Қазақстан университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, 2001 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2006-2008 жылдары Ресей ІІМ басқару академиясында білім алған.
Еңбек жолы: Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастады.1991-2004 жылдары Петропавл қ. ІІБ әртүрлі жедел лауазымдарда жұмыс істеді.
2004 жылы Есіл ауданының ішкі істер бөлімін басқарды, сол жылы Петропавловск қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды.
Әр жылдары СҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, Ғ.Мүсірепов ауданының ІІБ басшысы, Петропавловск қаласының ІІБ бастығы, СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы қызметінде болды. 2022-2023 жылдары Ақмола облысы полиция департаменті басшысы болып қызмет атқарған.
Қазіргі лауазымын 2023 жылғы 29 тамыздан бері атқарып келеді.
55 жыл бұрын (1969) «Интергаз Орталық Азия» АҚи Бас директорының кеңесшісі Аида Геннадьевна АСҚАРОВА дүниеге келді.
Қызылорда қаласында туған. 1990 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1990-1996 жылдары Қызылорда облыстық статистика басқармасының қалалық статистика басқармасының экономисі, 1996-1997 жылдары ҚР Экономика және сауда министрлігі Бағаны реттеу басқармасының бас маманы, 1998-2014 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыр жүйелері саласындағы реттеу департаментінің директоры, 2014 жылы «ҚазТрансГаз — Аймақ» АҚ маркетинг және келісімшарттар департаментінің директоры, 2014-2015 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының кеңесшісі, даму жөніндегі басқарушы директоры, 2015-2016 жылдары ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, 2016-2017 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының кеңесшісі болып қызмет атқарған.
47 жыл бұрын (1977) Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай Тағанұлы ӨТПЕНОВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстанда туған. 1993-1997 жылдары Ташкенттегі «Имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институтында оқып жоғарғы діни білім алған. 1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтында оқыған. 2009 жылы Мысыр Араб Республикасында қысқа мерзімде діни білімін жетілдірген. 2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетін сырттай оқып бітіріп жоғарғы білім алған. 2011-2013 жылдары аталған университеттің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
2017 жылдан бастап «Нұр-Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша PhD докторантурасында оқуда. 1997-2006 жылдары Республикамыздың түрлі мешіттерінде имамдық қызметтерді атқарумен бастау алған. 2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды қалалық № 1 орталық мешітінің Бас имамы болды. 2011-2013 жылдары ҚР Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы.
2013-2018 жылдары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы. 2018 жылдың шілде-қазан айлары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, Түркістан облысы бойынша өкілі имамы. 2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы болды.
Қазіргі қызметінде — 2020 жылдың ақпанынан бері.
43 жыл бұрын (1981) Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Айбат Сергеевич ЖАҢАБЕРГЕНОВ дүниеге келді.
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келген. 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін, 2011 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық университетін, 2018 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2003-2004 жылдары ҚР қарулы күштері қатарында қызмет атқарған. 2005 жылы Ақтөбе облысының ТЖА Мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау басқармасының Байғанин ауданы мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау бөлімінің инженері, сол жылы Ақтөбе облысының ТЖА МӨБҚБ Байғанин ауданы мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау бөлімінің аға инженері, 2005-2006 жылдары Ақтөбе облысының ТЖА МӨБҚБ Байғанин ауданы мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы, 2006-2008 жылдары Ақтөбе облысының Өртке қарсы қызмет департаментінің Байғанин ауданы өртке қарсы қызмет бөлімінің бас маманы, 2008-2010 жылдары Ақтөбе облысының ТЖД Байғанин ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған. 2010-2012 жылдары Ақтөбе облысының ТЖД Ойыл ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, 2012-2018 жылдары Ақтөбе облысының ТЖД Темір ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, 2018 жылы Ақтөбе облысының ТЖД Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы, 2018-2020 жылдары Ақтөбе облысының ТЖД Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, 2020 жылы Ақтөбе облысының ТЖД Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы, 2020-2023 жылдары Ақтөбе облысының ТЖД Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметінде болды.
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.
42 жыл бұрын (1982) «El Úmiti» корпоративтік қорының директоры Асланбек Кемеңгерұлы АМРИН дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданына қарасты Смирнов ауылында дүниеге келді. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2003 ж., «Қаржы және аудит»), Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2006 ж., «Геоақпараттық жүйелер»), «Болашақ» бағдарламасымен University of Illinois at Urbana — Champaign, (2012 ж., «Технологияларды басқару») оқып бітірді.
2003-2005 жылдары «KITEX» ЖШС жеке инновациялық компаниясында, «Жаңа технология мен материалдарды енгізу орталығы» ЖШС; «Қазақстандық инновациялық технология» АҚ еңбек етті. 2005-2010 жылдары ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сарапшысы, индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы және меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2012-2015 жылдары «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2015-2016 жж. — «TIMWE International» халықаралық телекоммуникациялық компанияның Қазақстан бойынша бас менеджері болды. 2016-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметінде болды. 2018-2020 жылдары ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары, 2020 жылы ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысы, 2021 жылы Елбасы академиясының директоры болды.
33 жыл бұрын (1991) қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада және әлем чемпионы Данияр Маратұлы ЕЛЕУСІНОВ дүниеге келген.
Батыс Қазақстан облысында туған. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының (Мексика) жеңімпазы, 2009 жылы Қазақстан жастар ойындарының чемпионы, 2010 жылғы Қазақстан чемпионы, Гуанчжоуда өткен 2010 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2012 жылғы олимпиадалық континенталдық іріктеу турнирінің жеңімпазы, 2012 жылғы ҚР Кубогының жеңімпазы, 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы (69 кг), 2013 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы.
ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен; «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
111 жыл бұрын (1913-1960) композитор, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан ТӨЛЕБАЕВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы педагогикалық училищесін, Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Қазақ студиясын, Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген.
1942-1953 жылдары Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің дирижері, Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы болған. 1953 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогикалық қызметпен айналысқан. Композитор музыканың алуан жанрында еңбек етіп, фортепьяно мен скрипка үшін пьесалар, симфониялық оркестр мен хорға арнап күрделі шығармалар жазған.
Оның «Татьяна туралы ән», «Кестелі орамал», «Тос мені тос», «Көп жүрдім» атты өзіндік музыкалық тілі мен романстары қазақтың кәсіби музыкасында романс жанрының қалыптасуына игі әсер етті. Симфониялық шығармалары ішінде «Қазақстан» поэмасы мен «Коммунизм оттары» кантантасы қазақ музыкасында ерекше орын алды. Әсіресе, ән-хор шығармаларында өзі өмір кешкен кеңестік заман тақырыбы сәтті көрініс тапты.
Төлебаевтың шығармашылығының шарықтау шыңы, қазақ музыкасындағы аса елеулі туындыларының бірі — «Біржан-Сара» операсы. Аталмыш туындыда жеке адам тағдыры, бас бостандығы үшін күрескен Біржан мен Сара сынды өнер өкілдерінің шығармашылығы мен трагедиялық тағдыры терең тебіреніспен баяндалады.
Ол Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының алғашқы әнұраны авторларының бірі болды. Сондай-ақ композитор драмалық спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазып, жеке дауыс пен фортепьяноға арнап қазақтың көптеген әндерін өңдеген. «Отан соғысы» орденімен, медальдармен марапатталған.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен және БҰҰ «За миротворческую деятельность» медалімен марапатталған.