13 наурызда елдегі қай жолдарда қозғалыс шектелді

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. 

Ауа райының нашарлауына байланысты келесі учаскелерде қозғалыс шектелді:

Павлодар облысы

• • «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
• Павлодар — Шарбақты — РФ шекарасы» автожолы, 82-112-шақырым (Шарбақты — РФ шекарасы);
• «Атамекен — Ертіс — РФ шекарасы» автожолы, 0-263-шақырым (Атамекен — РФ шекарасы).

Ақмола облысы

• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолы, 30-92-шақырым (Жібек жолы төлем пункті — Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысы

• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолы, 92-164-шақырым (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау төлем пункті);
• «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолы, 101-266-шақырым (Нұра — Теміртау).

Жетісу облысы

• «Үшарал — Достық — ҚХР шекарасы» автожолы, 84-164-шақырым (Көктұма станциясы — Достық станциясы).

Шығыс Қазақстан облысы

• «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолы, 1194-1212-шақырым (Шемонаиха — РФ шекарасы).

Қостанай облысы

• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолы, 340-377-шақырым (Арқалық — Ақмола облысының шекарасы).

Ұлытау облысы

• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолы, 138-252-шақырым (Ұлытау — Қостанай облысының шекарасы).

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 13 наурызға арналған күн райына байланысты Қазақстанның 13 өңірі мен Астанада ескерту жасаған еді.