13 наурызда ел өңірлерінің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі - Қазгидромет

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ел аумақтарының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлады.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы 15-20, ал күндіз 30 м/с-тан асады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 17-22, ал Жарма ауданында 25-28 м/с-қа жетпек. Батыс Қазақстан,Павлодар,Қызылорда облыстарында тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с. жел соғады. Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Ақмола, Атырау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысында тұман түсіп, 15/20 м/с. жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында да 15-20 м/с. жел тұрады, күндіз оның жылдамдығы 25 м/с-қа дейін жетеді.