13 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі: Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер
АТАУЛЫ КҮНДЕР
Бүкіләлемдік рок-н-ролл күні
1954 жылдың 13 сәуірінде американдық әнші Билли Хейли «Rock Around the Clock» композициясын жазған. Сол себепті бұл күні рок-н-роллдың туған күні саналады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 20-ғасырдың ортасында адамдар бейбітшілік пен бірқалыпты өмірге ұмтылды. Сол кезеңдегі бұқараның көңіл-күйін музыкадан байқауға болатын еді, жұртшылық тыныш және сентименталды музыка тыңдаған. Ал, Америкада ритм-энд-блюз жанрындағы ритмдік музыкалар кең етек алды. Кливленд радиостансасының диск-жокейі Алан Фрид эфирде ритм-энд-блюз стиліндегі таспаны қойып, оған «рок-н-ролл» деген атау береді. Рок-н-ролл стиліндегі алғашқы жұлдыздардың қатарында Билл Хейли, Элвис Пресли сияқты танымал орындаушылар болған.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1970 жылыШығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Черемшан тауық фабрикасы бірінші өнімін шығарды. Өндірістің 1972 жылғы жоспарлық қуаты 26 миллион жұмыртқа, 180 тонна тауық еті болды.
1973 жылы Маңғыстау облыстық «Коммунистический путь» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 1988 жылы газет жабылып, 2 жылдан кейін «Маңғыстау» атауымен шыға бастады.
1996 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды.
2005 жылы Алматыда «Ренессанс» коммуникативті менеджмент агенттігінің бастамасымен қазақстандық тұңғыш «Рropr.kz» PR-порталы өз жұмысын бастады. «Propr.kz» - жұртшылықты қоғамдағы өтіп жатқан қандай да бір оқиға, жағдайлармен, еліміздегі ақпарат агенттіктері мен банктері, компаниялары туралы пайдалы мәліметтермен хабардар етеді. PR-порталдың басты міндеті - Қазақстандағы PR мамандары үшін аталған саладағы жаңа өзгерістер мен PR нарығының дамуы және мәселелерді шешу турасында шұғыл ақпарат жариялап отыруды көздейді.
2005 жылы Астанада Жапонияның Елшілігі ашылды.
2007 жылы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында Сапар Ысқақовқа Меценаттық халықаралық академиясының нақты мүшесінің мантиясын және төс белгісін, дипломын тапсырудың салтанатты рәсімі болып өтті. Оны Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің Кеңесші-Өкілі Валерий Швец табыс етті.
Сапар Ысқақов әл-Фараби және Сұлтан Бейбарыс атындағы қоғамдық қайырымдылық қордың президенті. Сирия мен Мысырдағы аталған тарихи тұлғалар жерленген мемориалдық кешенді жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын өткізген.
2009 жылы Семейдегі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің жанындағы «Шәкәрімтану» және «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері және Жаңа тарихи құжаттама орталығының қызметкерлері Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) жаңа фотосуретін тауып алды. Фотосуретте Шәкәрім батыс жақтағы Шыңғыс тауының баурайында түскен.
Фотосурет Қазақ Автономды Кеңес Социалистiк Республикасының Семей губерниялық жер басқару Наркомземның арнайы комиссиясының 1924-1925 жыл ұйымдастырылған жұмыс туралы есеп берудің қосымшаларынан табылған. Бұл фотосурет мұрағат қызметінің қосымшаларында №37 тiркелген. Фотосуретте жазылған жазу: «№37 Шыңғыс жотасы. Өзеннің бас жағы. Алдыңғы жақта қазақтың ақыны және жазушысы Шәкәрім Құдайбердіұлы». Жазушы Бақанас, Байқошқар өзендерінің бойымен саяхаттаған және онымен бірге әрдайым батыс жақтағы Шыңғыс тауларын қоса жүріп отырған. Тарихи мәліметтер бойынша, Шәкәрім қажы экспедициялық топ мүшелеріне табиғи қайнарлардың орналасқан жерлерін, таудан аққан өзендерді қолдану мүмкіндіктері туралы толық мәлімет беріп отырған.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Үкімет отырысында «Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулы жобасы мақұлданды. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шара жоспарын бекітуді көздейді. Іс-шаралар жоспарының жобасы құпталды және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, әкімдермен келісілді.
2010 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі символикалық «Жолбарыс» атты номиналы 100 теңгелік күміс шақасын айналымға шығарды.
Шақа 925 сынамалы күмістен дайындалған, массасы - 31,1 грамнан сәл асады, диаметрі - 38,61 мм, екі асыл таспен көмкерілген.
2010 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ астанасы Вашингтон қаласында Ядролық қауіпсіздік бойынша Жаһандық саммиттегі пікірталасқа қатысып, сөз сөйледі.
2012 жылы Қазақстанда Kazakhstan Chosen Music Awards музыкалық жобасы іске қосылды. Ол «Грэмми» танымал музыкалық сыйлығының отандық аналогы. Музыкалық сыйлық 27 номинация бойынша интернет-дауыс беру және халықаралық аудиторлық компанияның шешімімен табыс етіледі. Оның лауреаттары Азия, Африка, Куропа және Солтүстік Америка музыканттарымен бірлесіп, композиция жазуға мүмкіндік алады.
2014 жылы Бішкекте А. Малдыбаев атындағы Қырғыз академиялық опера және балет театрының сахнасында қазақ жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәбит Досановтың Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары жайында «Жанұран» пьесасының премьерасы өтті. Басты кейіпкер халық қаһарманына айналған Қайрат Рысқұлбеков. Спектакльді Қырғызстан актерлері Нұрматұлы Бахтыбек (Қайрат), Майрамкүл Бегманкызы (Фатима), Нұрбек Ұрматжанұлы (ақын Алмаз), Эрлан Бекчороулы (Колбин) ойнады.
2014 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде этникааралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау мақсатында аумағында екі жүз ұлт өкілдері тұратын Қазақстан Елшілігі Әбу-Дабиде «Қазақстан - полиэтникалық ел» атты араб тілінде журнал шығарды.
2015 жылы ОҚО Отырар ауданы Көксарай ауылында күн электр энергиясының құрылысы басталды.
2016 жылы Қазақстан, Әзербайжан, Грузия теміржол ведомстволары Халықаралық транскаспий көліктік консорциумын құру туралы уағдаласты.
2016 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Режеп Ердоған исламдық бітімгерлікке келу бойынша бірлескен декларацияға қол қойды. Құжатта мемлекет басшылары халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, мемлекеттер арасында достық қатынастарды дамытуға бағытталған қағидаттардың ықыластылығын растады.
2016 жылы Қазақстанда туризм саласында «Кең дала» атты алғашқы жыл сайынғы ұлттық сыйлық белгіленді. Ол ашық конкурс қорытындысы бойынша туризм индустриясын дамытуға белгілі бір үлес қосқаны үшін беріледі.
2016 жылы Қарағандыда №38 мектеп оқушысы Дарья Андрейченко Билл Гейтс грантын алған алғашқы қазақстандық атанды. Ол стипендиялық бағдарламалардың негізін қалаушылардың бірі. Әлемнің ең беделді ЖОО-ларынан, оның ішінде Дьюка университетінде оқуға шақырту алды.
1960 жылы Франция Сахара шөлінде ядролық бомба сынағын өткізіп, әлемнің төртінші ядролық державасы атанды.
ЕСІМДЕР
1908-1918 жылдары Қазақстанға жіберілген ғылыми экспедицияларға басшылық етті. 1918-1925 жылдары - КСРО Ғылым академиясы жанындағы Табиғи өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі комиссияда топырақтану бөлімшесінің қызметкері. 1926-1954 жылдары КСРО Ғылым академиясының Топырақ институтының ғылыми қызметкері, директоры қызметтерін атқарған.Негізгі ғылыми еңбектері топырақ классификациясы мәселелеріне арналған. Прасолов Дүниежүзі топырақ картасын жасаған. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 3 рет Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Қарағанды облысы Тельман ауданының Токаревка кентінде дүниеге келді.
1984 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын «Зооинженер» мамандығы бойынша, 2006 жылы Д.А.Қонаев атындағы универститетін «Юриспруденция бакалавры» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1975 жылы Тельман ауданы Токаревка кентінің жол қызметі учаскесінде жұмысшы және машинист болып бастаған.1977-1979 жылдарда Кеңес Әскерінің қатарында болды. 1982-1985 жылдары - Қарағанды облысының ЖОЛК Тельман аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, екінші хатшысы; 1985-1986 жылдары - Тельман аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің аға зоотехнигі; 1986-1988 жылдары - Қазақстан Компартиясының Тельман аудандық комитеті нұсқаушысы, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі; 1988-1992 жылдары - Тельман аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің бас зоотехнигі, Тельман ауданы «Тұзды» совхозының бас зоотехнигі; 1992-1997 жылдары - Мичурин ауданының «Топарский» асыл тұқымды мал совхозының, кейін атауы 1994 жылы «Топарский» АҚ директоры; 1997-2007 жылдары - Абай ауданының «Алтай и К» АҚ басқармасының төрағасы, «Алтай и К» АҚ ЖШС басқармасының директоры, «ШОН» шаруа қожалығының басшысы; 2007-2010 жылдары - Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы департаментінің директоры, ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы; 2010-2013 жылдары - Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданының әкімі; 2013-2015 жылдары - Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы; 2015 жылдың тамыз айында Қарағанды облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың маусымынан.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Алматы шет тілдері педагогикалық институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, ағылшын тілінің маманы және журналист. «Күн күлгенде» жинағының авторы.
1982 жылдан Қазақ шетелдермен достық және байланыс қоғамының редакторы, 1987 жылдан - Авторлық құқық жөніндегі Қазақ агенттігі төрағасының орынбасары, 1992-1994 жылдары - ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің атқарушы директоры.
Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. А.С.Макаренко атындағы Сумск мемлекеттік педагогикалық институтын (филолог), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (социолог) тәмамдады.
Еңбек жолы: Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев комсомолы аудандық комитетінің хатшысы (1989-1991); ҚазААГ «Қазақстандық ақпараттық агенттігі» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының кадрлар бөлімінің бастығы (1993-1997); ҚазААГтілшілер желісінің меңгерушісі, бас редактор (1997-2009); «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2009-2012); «ҚазАқпарат» ХАА директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары (2014-2016).
Қазіргі қызметінде - 2016 жылдан бері.
«ҚР Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, ҚР Президентінің, ҚР Үкіметі басшысының, ҚР Парламент палаталары спикерлерінің, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардың Алғыс хаттарымен марапатталған.
Жамбыл облысында туған. Қырғыз Жер жоғары колледжін (Бішкек қаласы), М.Р. Birla менеджмент институтын, Бангалор университетін (Үндістан) филолог - лингвист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы Тараз қаласындағы №39 орта мектепте ағылшын пәні мұғалімі болып бастады. 1998 - 2000 жылдары - Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік педагогигалық институтындағы шығыс тілдері мен мәдениеті институты, ағылшын тілі оқытушысы, директордың маркетинг жөніндегі орынбасары, «Манас» Қырғыз-Түрік университетінде оқытушы. 2005 - 2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту еуразиялық орталығына көмектесу» ТАСИС жобасы адами ресурстарды дамыту бойынша жаттықтырушы, Америка халықаралық даму агенттігі, Еуропалық Комиссия, Дүниежүзілік сауда институты халықаралық жобаларының жетекшісі, 2008-2009 жылдары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі жанындағы Ұлттық сараптама орталығы» АҚ жоба менеджері болған.
Қазіргі қызметінде - 2009 жылдың қазанынан.