13 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар
20:35, 12 Сәуір 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 13 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
9.30-да Есіл ауданында «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде «Әкелер одағы» аймақтық форумы өтеді.
15.00-де Абай даңғылы, 19 мекенжайында Қазақстан суретшілер одағының жиналысы өтеді.
АЛМАТЫ
10.00-де Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығында #Expohomsters жаңа жылжымайтын мүлік нарығындағы ауқымды шарасы өтеді.
11.00-де №36 қалалық ауруханада Жастар денсаулық орталығы ашылады.
14.00-де «Depo Evolution Park» аумағында «Jasyl Meken» қалалық науқаны аясында жеңімпаз ЖОО марапатталады және студенттердің гала-концерті өтеді.