13 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 13 шілде күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

8.00-де Еңбек кентінде «Jańa Dala/Green Day '2023» журналистер мен блогерлерге баспасөз туры өтеді.

9.00-де «Hillton» қонақ үйінде «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» тақырыбында Орталық Азия форумы өтеді.

10.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» көрмесі қойылады.

11.00-де «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың баспасөз брифингі өтеді. Қор басшысы осы қызметтегі алғашқы 100 күндегі жұмыс нәтижелері мен қорды одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларымен бөліседі.

11.00-де ҚР Ұлттық архивінің ғимаратында металлург, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, КСРО құрметті металлургі Әнуарбек Үсеновтің «Металлург, ғалым, қайраткер» атты жеке қорының ашылу салтанаты өтеді.

14.00-де Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (NU GSPP) ауыл мұғалімдері мен жастарының қатысуымен климаттың өзгеруі туралы конференция өткізеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының шетелдік автокөлік құралдарын тіркеу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлы; Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасарының м.а. Әлібек Айнабекұлы Кеңіспаев.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

19.00-де «Астана Опера» театрында Дж. Пуччинидің «Турандот» операсы қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Үнсіздік» қойылымы сахналанады.