13 шілдеде елдің басым бөлігінде аптап ыстық болып, жел көтеріледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 шілдеде ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек Қазақстанның батысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай, желдің күшеюі, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қызылордаоблысында таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейіп,шаңды дауылға ұласады.

Батыс Қазақстаноблысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп,бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Түркістан,Атырау, Қарағанды облыстарында, күндіз Маңғыстау, Қостанай, ШығысҚазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола,Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай облыстарында, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейжерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Ақтөбеоблыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстықболады.

Қызылорда,Алматы, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлеріндежоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар