Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, түнде Атырау, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, шаңды дауыл болады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, кей жерлерінде Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі. Алматы, Жамбыл, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.