Астанада күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35… 39°C-қа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Іле Алатауының тауларында таңертең және күндіз де өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Шымкентте күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Көкшетауда да жаңбыр мен найзағай болады.
Алматы облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың шығысында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстігінде төтенше, ал батысы, шығысы және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта да жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз 35… 36°C аптап ыстық болады. Шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде аздаған жаңбыр мен найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі, тұман болуы мүмкін.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігі мен шығысында төтенше, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жел 15 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында түнде аздаған жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының оңтүстігінде және шығысында жоғары, ал солтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары, ал батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да жел күшейіп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары, ал орталығы, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Күндіз 35… 38°C аптап ыстық сақталады. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Оралда да жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары, солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік-батысы мен орталығында жоғары, ал солтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батысы мен шығысында жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары, ал батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да жоғары өрт қаупі сақталады.
Осыған дейін бүгін Алматы және Қостанай, Атырау қалаларында ауа сапасы нашарлайтынын жазған едік.