13 тамыз күнгі ауа райы болжамы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 13 тамыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМКмәліметінше, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауылкүтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан, таңертеңжәне күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, кейжерлерде желдің күші 25 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан,Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с артады.Батыс Қазақстан облысында дауыл күтіледі.

Павлодар, Қарағанды​​облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды ​​облысында желдіңекпіні 23 м/с артады. Күндіз жекелеген аумақтарда дауыл тұрып, бұршақ жаууымүмкін.

Маңғыстау облысыныңкей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Ақтөбе,күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады.

Алматы облысындаАлакөл көлдерінің аумағында жел 17-22 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы, кей жерлерде Шығыс Қазақстаноблыстарында қатты ыстық күтіледі.

Сондай-ақ Қызылорда,кей жерлерде Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.