НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы онлайн режимде өтеді. Қоғамдық кеңес қарауына бірқатар нормативтік құқықтық актілердің жобалары енгізіледі.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық біліктілік жүйесін және электрондық еңбек биржасын дамыту. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын жаңғырту» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15:00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Sumukhwa Monologue» сиямен кескіндеме көрмесі ашылады.