«13 тамызда ауа сапасы 3 қалада –Балқаш, Шымкент және Теміртауда нашарлайтыны күтілуде», - делінген хабарламада. Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.