Америкалық мектеп оқушысы инженер Алексей Пожитнов ойлап тапқаннан кейін 40 жыл өткенде әйгілі кеңестік «Тетрис» бейнеойынының соңғы деңгейін аяқтаған тарихтағы бірінші адам болды. Kazinform бұл туралы ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
Оклахома штатының 13 жасар тұрғыны Уиллис Гибсон өзінің YouTube арнасында ойынның 157-деңгейіне өткен сәтін жариялады, онда ойын экраны қатып қалған.
157-деңгейге жету үшін Уиллиске небәрі 38 минут қажет болды, бұл — блоктар енді құламайтын және экран қатып қалатын соңғы деңгей.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.