13 жасар семейлік шахматшы оқушылар арасында Азия чемпионы атанды
21:06, 16 Желтоқсан 2022
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Желтоқсанда Калутара қаласында (Шри-Ланка) оқушылар арасында шахматтан Азия чемпионаты өтті. Жас спортшылар барлығы 16 медаль жеңіп алды, оның үшеуі Абай облысының еншісінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық әкімдік мәліметіне сенсек, блиц турнирінде әр елден келген шахматшылар арасында 13 жас аралығында алтын медалін жеңіп алған Сұлтанбейбарыс Думанұлына тең келетін ешкім болмаған.
Ал рапид шахмат турнирінде Сұлтанбейбарыс қола жүлдегер атанды.
Фото: Абай облысының әкімдігі